ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Хабар» Агенттігіне жаңа басшыны таныстырды. Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Бекхожин – журналист, заңгер. Отандық БАҚ саласының ірі топ-менеджері. ҚазМУ-ді (1985 жыл), Орталық Азия университетін бітірген (2000 жыл).
Университетті бітіргеннен кейін Қазақ радиосының "Панорама дня" жаңалықтар бағдарламасында жүргізуші (1985-1992 жылдары), Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасының комментаторы, бас редактордың орынбасары (1992-1994 жылдары), "Хабар" агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1994-1996 жылдары), "Хабар" агенттігі "Жеті күн" ақпараттык бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі (1996-1997 жылдары), ОРТ-дағы "МИР", "Вместе" МТРК бағдарламасының жүргізушісі (1997-1998 жылдары), "МИР" МТРК-нің ҚР бөлімшесінің директоры (1998-2003 жылдары), "Литер-Мedia" ЖШС бас директоры, "Литер" және "Айқын" газеттерінің редакциялық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Оставить комментарий