Қарағанды облысы Жәйрем ауылында шетелдіктермен болған қақтығыстан кейін 7 адам ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұзақылық әрекет жасап, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен Жәйрем кентінің 22-ден 33 жасқа дейінгі 7 тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий