Бизнес. Бизнес те достық артық па, серіктестік артық па?! Бизнесмендер арасында досықта не нәрсеге мән беру керек? Бұл сұрақтардың жауабын бизнесте дос болып кейіннен досы сатып кеткен адам ғана білетін шығар. Дәл сондай адамдардың бірі 2013 жылы Forbes Қазақстан журналы рейтингі бойынша Қазақстандағы ең жас миллионер атанған Марат Әбиев. Ол өзіңің «Қазақстандық арман» кітабында бизнестегі достыққа байланысты кеңестер берген екен. Ол кеңесті назарларыңызға «Қамшы» порталы ұсынады.
- Бірінші достықты сақтай білу керек. Сондықтан арадағы қатынастың шынайылығына көз жеткізіп алыңыз. Себебі алдағы күндері опық жеп қалмау үшін маңызды . Өзіңізге де есеп беріңіз: достық пен серіктестіктің аражігін ажыратып, кәсіппен айналысқан кезде талап пен сұраныстың өзгеретіндігін білген абзал. Пайда жүрген жерде достықтың реті тәмәмдалатынын да түсіну керек. Сол себепті нағыз достықты тексеру үшін бизнесте серіктес ету керек. Себебі досыңның сырын сол кезде білесің.
- Екінші досыңыз екеуіңіз ортақ істі бастамас бұрын бизнестегі үлестеріңізді нақты белгілеп алыңыздар. Егер де фирманы құру идеясын сіз бастап, досыңызға қарағанда қомақты қаржыны өзіңіз құйсаңыз теңдей етіп бөлуді ұмытқаныңыз жөн. Көбіне сезімге ерік беріп, өткен күндерді еске алып жатамыз. Мектептегі бақылау жұмысын бірге көшіру мен түскі асты бөліп ішу бизнесте енді жүрмейді. Акциялардың басым бөлігін өзіңізге тиесілі етіңіз. Ол компониядағы барлық мәселелерді тек өзіңіз шешіңіз. Осы ережені қатаң сақтаңыз, өйткені бизнесте тек бір ғана көшбасшы болуы тиіс. Онан кейін Омар Хайям айтқандай: « Кез келген адамды есте сақтап жүріңіз. Жаманмен арадағы байланыс сіз үшін мол тәжірибе, себебі жамандар өз қылықтарымен сізге сабақ беріп кетеді» ...
- Үшінші. Жағымсыз оқиғалардың бәрінен сабақ алуға тырысыңыз. Бизнесіңізде серіктес әрі жан досыңыз сатып кетіп сәтсіздікке ұшырасаңыз да сарыуайымға салынбай, жігерлі болған жөн. Сәтсіздіктерден қорықпаңыз және әрдайым тек алға ұмтылыңыз. Адам қандай қиын сәт болмасын, сол шыңыраудан өзін алып шыға алады.
- Сіздің достарыңызға қарап келешекте сіздің қандай болатыныңызды болжауға болады. Сол үшін өзіңіз қай жаққа бет алсаңыз, сол жаққа беттеген дос іздеу керек . Сондықтан айналаңызда жүрегінде жалыны бар адамдар болу керек. Сол себепті дос таңдағанда да сізбен ой пікірі ұштасатындай, сенім арта алатындай болуы өте маңызды екен.
Қания Табыс