Ұлттық кеңестің бірінші отырысына дайындық мәселесі қаралды

/image/2019/08/28/crop-85_49_360x640_190828131111114e.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында Президент Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен  Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысына дайындық жөніндегі ұйымдастыру кездесуі болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу жұмысына Ұлттық кеңестің мүшелері қатысты. Оның аясында Ұлттық кеңес қызметінің бағыттары мен тетіктері, Ұлттық кеңестің бірінші отырысын өткізуге дайындық мәселелері талқыланып, жұмыс топтары құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі №63 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Ережеге сәйкес, Ұлттық кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Бірінші отырысын 2019 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи