Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Күдебаевтың ұлының қайтыс болғанын Алматы полиция департаменті растаған.
Департамент ақпараты бойынша, тамыз айының басында Нұрсұлтан Күдебаев Алматы облысында квадроцикл көлігімен апатқа түсіп, ауыр жарақат алған. Германияда от жасалған Нұрсұлтан Күдебаев 27 тамызда сол мемлекетте қайтыс болған.
Нұрсұлтан Күдебаев Алматы қаласы Алатау аудандық прокурорының орынбасары қызметінде болған. 1990 жылы туған Күдебаевтың артында 3 баласы қалды.
Оставить комментарий