Аудандарды аралап шығып, тұрғындармен кездескен соң Бақытжан Сағынтаев азаматтарды жеке қабылдай бастады. Бұл күні әкімнің қабылдауына 25 адам келді, олардың көтерген проблемалары әртүрлі – тұрғын үйдің жоқтығы, жер, коммуналдық және әлеуметтік мәселелер.
Мәселелердің кейбіреулері бірден шешіліп жатты. Қосымша зерттеуді қажет ететін өтініштер де болды, мектепке және көшеге ат беру – үкіметтік деңгейдегі комиссия шешімімен ғана іске асатын мәселе.
Әр өтініш бойынша нақтылы жауаптар әзірленеді. Оң шешімін тапқан жағдайда орындалу мерзімі мен жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіледі.
Енді азаматтарды жеке қабылдау қала әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының офисінде тұрақты өтеді. Ал, тұрғындармен «еркін микрофон» форматында кездесу әр тоқсанда бір рет өтетін болады.
Оставить комментарий