Қала әкімінің өкімімен Ернар Құрмашев Алматының мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Е. Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туылған. 2006 жылы Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ тәмамдаған, 2009 жылы New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен.
2007-2018 жылдары 3D-анимация және визуалды әсерлерді дайындаумен айналысатын«Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС басшысы әрі продюсері.
2015-2019 жылдары – «Astana Film Fund» кинокомпаниясының директоры. Бірқатар заманауи қазақстандық фильмдердің продюсері болған.
Оставить комментарий