Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Әсіресе ұстаздардың айлық жалақысын өсіру, олардың статусын көтеру сынды тапсырмалары көптің көкейінен шыққаны анық. Әрине Мемлекет тарапынан мұндай қамқорлық көрсетіліп, түрлі бағдарламалар жанданып жатқанда тек білім сапасын жақсарту қажет. Бұл орайда Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданында білім жүйесінде ауыз толтырып айтарлық тірлік баршылық деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен Жамбыл ауданындағы жалпы 37 білім беру ұйымдарының (26 орта, 10 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 872 сынып комплектісінде 15 767 балаға 1 899 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 89 сынып комплектісінде 1 484 бала білім алуда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 8 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 25 мектепте 60 химия, физика, биология кабинеттері, 22 мектепте 30 кабинет лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, 32 мектепте 110 интерактивтік тақталар бар. Барлық мектептерге бейнебақылау орнатылған.
2019 жылы білім беру саласына 9 млрд. 241,1 млн. теңге бөлінді.
Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 191,1 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 106,2 млн. теңге аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1 331 оқушыны тамақтандыруға бөлініп, игерілгені 56,2 млн.теңге. Бастауыш сыныптағы 1 688 оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға 122,4 млн. теңге бөлініп, 59,9 млн. теңгесі игерілді.
2018-2019 оқу жылында аудан көлемінде 21 елді-мекеннен 12 мектепке 997 оқушы тасымалданып оқытылады.
2018-2019 оқу жылына мектеп бітірушілер саны – 600 оқушы. ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген оқушылар саны - 407 оқушы. Жалпы 67,8 пайызын құрап отыр. Оның ішінде, 16 оқушы «Алтын белгіге», 9 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшада (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1075 бала) барлығы 3773 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98%) құрайды.
Иә, бұл алақандай аудандағы жастардың білім сапасының көрінісі.
Оставить комментарий