Шалғай ауылдарда да медициналық мекемелер ашылуда

/image/2019/09/16/crop-8_113_599x1065_densaulyq111.jpg

«Дені саудың – жаны сау» дейді дана қазақ. Шынында тәннің саулығы, жанның да демеуі екені даусыз. Бүгінде ұлттың саулығын жақсарту бағытында мемлекет тарапынан жанданып жатқан жобалар аз емес. Бір ғана «Денсаулық» бағдарламасы талай елді мекендегі халықтың еңсесін тіктеп, денінің саулығына дәрмен берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл облысы Жамбыл ауданында денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 106 дәрігерлер мен 492 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 12,8 промильді құрады (2018 жылдың 6 айы – 13,6).

2019 жылы 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 18,67 промильді құрады (2018 жылдың 7 айы – 21,44 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,46 промильді құрады (2018 жылдың 7 айы – 5,74 промиль).

Есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 5,7 промильді құрады (2018 жылдың 7 айы – 11,5). Нәресте өлімі бойынша 9 жағдай орын алған (2018 жылдың 7 айы – 10 жағдай).

Жыл басынан бері 20 адамда туберкулез ауруы анықталды. 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 37,5 промильді құрады (2018 жылдың 7 айында 18 адам науқастанған немесе 24,4 промиль).

Сонымен қатар, биыл 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 85,3-ні (2018 жылдың 7 айы – 72,8), қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 1 668,9-ны (2018 жылдың 7 айы – 2 402,2), жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 78-ді (2018 жылдың 7 айы – 65,5), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 87,7-ті құрап (2018 жылдың 7 айы – 89,8), жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 11,0ге жетті (2018 жылдың 7 айы – 4,9).

Әрине, бұл тұста кейбір көрсеткіштен жанға жылу берсе, кейбірі көңіл көншітуде. Сол себепті Елбасы ең басты бағыт шалғайдағы ауылдардың өзін шағын медициналық пунктермен қамтуды тапсырды. Соның арқасында бүгінде Мойынқұм сынды Жамбыл облысының картасында жалпағынан жатқан ауданның Шығанақ сыныды ауылдарының өзінде медициналық мекемелер жұмыс жасауда. Және онда «Дипломмен ауылға» бағдармаласы бойынша барып, тірлігін тіктеп жатқан жастар аз емес. Бұл сөз жоқ, көпке үлгі тірлік.

Оставить комментарий

Связанные Статьи