Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру қашанда өз өзектілігін жойған емес. Мемлекет басшысы да бұған айрықша көңіл бөліп, Жолдауында басымдық берді. Сондықтан қара халықтың қамын ойлау ең басты ұстаным. Бұл үдеден Жамбыл облысы Жамбыл ауданы толықтай шығып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен Жамбыл ауданында жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2018 жылдың 6 айы - 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 27 485 теңгені құрады (2018 жылдың 7 айы – 23 360 теңге).
2019 жылы кешенді жоспар бойынша 1 474 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 763 адам). Жоспар 53,3%-ға орындалды. Оның ішінде: 257 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды және 45 адамға шағын несие берілді, 460 адам тұрақты жұмысқа, 108 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 216 адам жастар тәжірибесі бойынша, 265 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
2019 жылы жұмыспен қамту бөліміне 1 564 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 1 049-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 67,0%-ды құрады.
Ағымдағы жылы 2 670 отбасының 13 387 мүшесіне 829 425,6 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және 2018 жылдан өтпелі соманы қоса алғанда 978 616 мың теңге төленді, 468 отбасының 2 625 мүшесіне 11 389,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді, 103 отбасыдағы 108 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 3 400 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмек 544 адамға 27 911 мың теңге тағайындалып, толық төленді.
Аудан бойынша есепті кезеңде 2 605 мүгедектер тіркелген, оның 1 топтағысы 193 адам, 2 топтағысы 758 адам, 3 топтағысы 1 166 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 488 адам.
Жалпы 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 41 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 37 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде "Жастар практикасы" арқылы 1 адам, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға және 9 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолдама алды, 5 азаматқа шағын несие берілді, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылға 10 нысанды бейімдеуге 4 146,0 мың теңге бөлінді.
Міне, осылайша әлеуметтік осал топтарға барынша қолдау мен қамқорлық көрсетілуде.
Оставить комментарий