Жыл ішінде 1014 адам жұмыспен қамтылып отыр

/image/2019/09/16/crop-19_10_692x769_enhbek.jpg

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы асында бүгінде Жамбыл облысында жасалып жатқан жұмыстар жетерлік. Жоба жемісін көрген жастар мен азаматтардың Үкіметке деген алғысы шексіз. Сондай-ақ жоба аясында тірлігін тіктеп жатқан шалғай елді мекендердегі тұрғындар да баршылық деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2019 жылы 1 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 1 014 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 85,8 пайызға орындалған. Бағдарламаның 1 бағыты қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 41 миллион 905 мың теңге бөлініп, 220 адамды оқыту жоспарланып, 1-2 кезең бойынша 257 адам жолданды.

Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 2019 жылға 120 адамды кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, 140 жұмыссыз азаматтарға несие беру және 74 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.

Есепті кезеңде «Атамекен кәсіпкерлік палатасы» арқылы 1-2 кезең бойынша 123 адам оқуға жолданды. 45 адамға 174,3 миллион теңге көлемінде шағын несие берілді.

Бағдарламаның 3 бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша азаматтарды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 2019 жылы 182,5 миллион теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 627 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 589 адам орналасты. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 108 адам (жоспар – 100 адам), жастар тәжірибесі бойынша 216 адам (жоспар – 220 адам), ақылы қоғамдық жұмыстарға 265 адам (жоспар – 307 адам).

Міне, жоба осылайша барынша шарапатын төгуде. Бір ғана Жамбыл ауданында 108 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 216 азамат жастар тәжірибесі бойынша, 265 өтініш білдіруші қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылуы бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

Оставить комментарий

Связанные Статьи