Аудан жастары бар қолдауды көруде

/image/2019/09/16/crop-13_26_697x1239_124135d61de0836dbc3d98d9707e8d91.jpg

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жан жадыратар тіршілік баршылық. Мұнда жастар саясаты жолға қойылып, елдің ертеңі саналған буынға барынша қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде бүгінде елді мекенде қоғамдық өмірге араласқан белсенді жастар аз емес деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі таңда аудандағы жастар саны 19 485 адамға жетіп, жалпы халық санының 23,7 пайызын құрап отыр. Оның ішінде 4 078 жас білімгер болса, 2018-2019 жылғы оқу жылындағы аудандағы орта мектептердегі жалпы оқушылар саны 14 983, оның ішінде 14-18 жас аралығындағы жастар саны 3 684 құрайды. Жұмысқа орналасқандар саны 526 адам, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан 141 жас, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 168 жас, кәсіби оқуға 105 жас, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 56 жас жолданды.

2019 жылы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында 169 іс-шара өткізілді. Басылым беттерінде, ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатына қатысты осы күнге дейін барлығы 16 мақала жарияланса, оның ішінде 2-ы облыстық, 14 мақала аудандық газетте жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 180-ке жуық материалдар шығарылды.

«Жастар ресурстық орталығында» 1120-ке жуық жасқа кеңестер берілді.

Бұдан бөлек, ауданда су қоймалары мен каналдардың да жұмысы жолға қойылған. Мәселен аудан көлемінде жалпы сыйымдылығы 21,9 миллион текше метрді құрайтын 7 ауылдық округте орналасқан 22 су қоймалары мен тоғандар бар. Оларда нақты жиналған су көлемі – 11,7 миллион текше метр немесе 53,4 пайыз.

5 су қоймасы бақылауда. 17-і қанағаттанарлық жағдайда. Меншік құқығы бойынша «Жамбыл су қоймалары» КММ – 21, жеке – 1.

Каналдарға келсек, аудан бойынша ұзындығы 529,34 шқ құрайтын 25 канал бар. Оның 307,57 шақырым топырақты, 221,77 шақырым бетондалған.

Өткізу сыйымдылығы – 84,1 текше метр.

Каналдар 3 жүйенің құрамында:Аса өзені бойынша – 18 канал (ұзындығы – 394,56 шқ);Талас өзені бойынша – 5 канал (ұзындығы – 83,1 шқ);Бесағаш қайнары бойынша – 2 канал (ұзындығы – 51,68 шқ).

Каналдардың барлығы РГП «Казводхоз»-дың теңгерімінде.

Әрине бұл су қоймалары мен каналдардың ауыл шаруашылығы үшін қажеті зор. Оған қоса Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз жолдауында суармалы егістік көлемін ұлғайтып, өнімді еселеуді тапсырды. Сондықтан бұл жұмыстардың да бұқараға берері мол.

Оставить комментарий

Связанные Статьи