Тұрғындардың құқықтары мен қауіпсіздігі басты назарда

/image/2019/09/16/crop-16_7_516x774_qauipsizdik.jpeg

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жайлы терең ой қозғады. Мемлекет басшысы тіпті зорлық-зомбылық әрекетіндегі және есірткі бизнесі бағытындағы қылмыстардың жазасын күшейтуді тапсырды. Бұл еліміз құқықтық қорған бағытында жол салып бара жатқанын аңғартады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл ауданында 2019 жылы аудан көлемінде жалпы 195 қылмыстық істер тіркеліп (2018 жылдың 7 айы – 263), 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда -25,9 пайызғаға төмендеген.

Оның ішінде 19 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркелді (2018 жылдың 7 айы - 16).

Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстар саны 64-ке жетіп, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,0 пайызға артқан (2018 жылдың 7 айы – 27).

Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 17 істі құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15%-ға азайған (2018 жылдың 7 айы – 20). Қылмыстық істердің жалпы санындағы көшеде жасалған қылмыстардың үлесі 8,7%-ды құрайды (2018 жылдың 7 айы – 7,6%).

Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 7 айында аудан көлемінде 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 62 адам әртүрлі дене жарақатын алды. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 30%-ға, дене жарақатын алғандар саны 11,4 пайызға төмендеп отыр (2018 жылдың 7 айында 50 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тауып, 70 адам әр түрлі дене жарақатын алған).

Одан бөлек, ауданда жылыту маусымына да дайындық қызу жүруде. Аудан көлемінде 140 әлеуметтік мекеме бар. Оның ішінде 56-і білім беру, 36-ы денсаулық сақтау, 48-і мәдениет нысандары. Аталған мекемелердің жылыту жүйелері 74-і көмірмен (білім беру –28, денсаулық сақтау – 17, мәдениет – 30); 65-і газбен (білім беру – 28, денсаулық сақтау – 19, мәдениет – 18) жылытылады.

Аудан бойынша 39 қазандықтың 22-і «Жамбыл-Жылу» КМК-нің теңгерімінде. Барлық қазандықтар балама отын түрімен және резервтік қазанмен жабдықталған. 24 орта мектепте баламалы электр қуатын беретін генераторлар бар (5 – 15 КВт, 3-30 КВт, 16 – 5 КВт).

2018-2019 жылғы жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге 3 009 тонна көмір сатып алу үшін 53 млн. 381 мың теңге бөлінді. Көмір толығымен түсірілген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи