Тараз қаласында Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен «Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және коммерциялық Денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, Ресей, Украина, Белоруссия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдерден трансфузиология саласындағы сарапшылар қатысты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы «Еуразиялық Медициналық Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және Жамбыл облыстық қан орталығы ұйымдастырған конференцияда профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары, федералды мемлекетті-бюджеттік мекемесі «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының» Трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі Евгений Жибурт, «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының» медицина ғылымдарының кандидаты Сергей Мадзаев, Ирина Симарова №52 Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер анестезиолог-реаниматологы Ирина Симарова, докторант, медицина ғылымдарының кандидаты Вадим Владимирович, «Республикалық қан орталығының» бас дәрігері Валентина Чупрова, «Республикалық қан орталығының» директор орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Айганыш Сатыбалдиевалар саладағы мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын қарастырды.
Конференция жұмысы шеңберінде қан компоненттерін дайындау, донорлық қанды тестілеу, гемотрансфузия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәлелдемелерге негізделген донорлық қан компоненттерін қолдану, қан қызметіндегі процестерді ақпараттандыру, қан жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде донорлық тіркеу және дің жасушаларын трансплантациялау сияқты мәселелер талқыланды.
Халықаралық конференция қан қызметінің инновациялық бағыттарында тәжірибе алмасуда, қолданбалы зерттеулер мен донорлық қан құю саласында үздік тәжірибені енгізуде, жаңа іскерлік мүмкіндіктерді дамыту және перспективаларды талдау орнына қызмет ететінін атап өткен жөн.
Іс-шара барысында үш бағыт бойынша секциялар жұмысы өткізілді. Атап айтқанда, дәрігерлер клиникалық трансфузиология, өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері, қан қызметіндегі ақпараттық технологиялар және трансфузиялық медицинадағы зертханалық диагностикасы туралы ой бөлісті.
Халықаралық конференцияның кең ауқымды ғылыми бағдарламасы (30-дан астам баяндама) қазақстандық мамандарға трансфузиялық медицина саласындағы көптеген қызықты хабарламаларды тыңдауға және түрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік береді.
Оставить комментарий