Су – тіршілік көзі. Ал тұрғындарды ауызсумен қамту бағытында елімізде бірер жылдан бері ауқымды жобалар қолға алынып келеді. Мұндай игіліктен Жамбыл облысының жұртшылығы да шет қалып жатқан жоқ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 42 елді мекеннің 19-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар (45,2%). 83 178 адамның орталықтандырылған ауыз сумен 39 526-ы немесе 47,5% қамтылған.
Жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1% құрады (83 178 халықтың 62 466 қамтылған).
Газбен қамтамасыз етуге келсек, аудан бойынша 42 елді-мекеннің 24-і газбен қамтылған немесе 57,1%-құрайды.
2017 жылы 13 елді мекенге (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Қарасу, Шайдана, Қаракемер, Құмтиын, Жұма, Өрнек, Ерназар, Қаратау, Әулиекөл) магистралдық газ құбырларын жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Жалпы жобаның құны – 4 млрд. 531,4 млн. теңге.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 300 млн. теңге және облыстық бюджеттен 33 млн. теңге бөлініп, газ тарату нүктесінен бастап қаражат көлеміне қарай магистралдық газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталды.
Аталған нысан өтпелі болып, 2020 жылға республикалық бюджеттен қаражат толығымен бөлінген жағдайда магистралдық газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.
Елді мекендерге ауыл ішілік газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ-н дайындау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім берілді. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы 5 елді мекеннің (Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек) ішкі желілік газ құбырларының ЖСҚ-н дайындауға 40 млн. 525 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қалған 8 елді мекен бойынша ЖСҚ-дайындауға 2020 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлу жоспарлануда.
Жалпы 13 елді мекеннің тұрғындарын магистралдық және ішкі желілік газ құбырларының құрылысын аяқтап, табиғи газға қосу 2021 жылға жоспарланып отыр.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылға жалпы сомасы 73 млн. 705 мың теңге бөлініп, 7 айда игерілгені 60 млн. 437,7 мың теңге. Бұл қаражаттарға 17 ауылдық округке 8 ауыл ішілік жолдары, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 1 спорт алаңын және 3 шағын футбол алаңын орнату, 2 шағын футбол алаңын ағымды жөндеу, 1 балалар ойын алаңын орнату, 1 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Оставить комментарий