"100 жаңа оқулық" жобасы дін саласына да тың серпін береді

/image/2019/09/23/crop-14_16_1045x1859_din.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған дінтанушылардың еңбектері Жамбыл облысындағы дін саласы мамандарының көмекші құралына айналып келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы мақаласынан туындаған міндетті іске асыру мақсатында қолға алынған жоба аясында қазақ тіліне аударылған ұлыбританиялық дінтанушы Карен Армстронгтың «Идуаизм, христандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдай тану баяны» кітабы әлем мойындаған туынды саналады. Сондықтан бұл кітап қазақ тілімен бірге әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен басылып шыққан. Карен Армстронгтың бұл кітабы қазір әлемге әйгілі Браун, Корнел, Йель, Гарвард, Колумбия, Дартмут, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеттерінде оқулық ретін кәдеге жарауда.

–Бұл кітапта автор Құдайға сену, Жаратушы туралы көзқарастың өзгеруі, әлемдік діндердегі Жаратушыны тану сипаттары сынды мәселелер жайында сөз қозғайды. Сондай-ақ діндердің қалыптасу тарихы жайлы да толық мәліметтер қамтылған.

Шындығында бұл кітаптың жарық көруі Қазақстандағы дінтану ғылымы үшін айтулы жаңалық. Сәйкесінше Карен Армстронгтың «Идуаизм, христандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдай тану баяны» кітабын дін саласында еңбек ететін жастар, дәл осы салаға маманданып жүрген студенттер, ғалымдар мен оқушылардың үстел кітабына айналып үлгерді. Сол себептен де «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қоғамдық сананы жаңғырту, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға зор септігін тигізеді деп білемін,–дейді облыс әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Елнұр Әскенұлы.

Айта кету керек, қолға алынған екі жыл ішінде әлем ойшылдарының 19 кітабы қазақ тіліне аударылды. Біздің облысқа бүгінгі күнге қазақ тіліне аударылған 19 кітаптың 7000 данасы келген. Өз кезегінде бұл туындылар әртүрлі салада еңбек етіп жүрген, білім алу жолында жүрген жастар үшін пайдалы әдебиетке айналған. Ал жоба аясында дінтанушы-ғалымдардың еңбегі шын мәнінде Қазақстандағы қазіргі діни ахуалды жан-жақты зерделеуге мүмкіндік бермек.

Оставить комментарий

Связанные Статьи