Жамбылда "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға 339 098 мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысады

/image/2019/09/23/crop-2_6_563x793_bilim.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғам өмірінің барлық саласымен бірге білім беру ісіне де соны серпін әкелгені жасырын емес. Бүгінде жамбылдық оқушылар Елбасы мақаласынан туындаған «Туған ел», «Туған жер» жобалары аясында «Өлкетану.Жамбыл облысы» курсын оқып, «Өз жеріңді таны» туристік экскурсияларына қатысуда , деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жаһандану заманы жастарын патриотизмге баулудың бірден бір тетігі Елбасы мақаласынан туындаған «Туған ел», «Туған жер» бағдарламаларын нәтижелі іске асыру екені белгілі. Сәйкесінше бұл жобаларды білім беру ісінде қолдану ұрпақ санасында туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін дарытудың жарқын көрінісі болмақ.

–Өткен жылы облыс мектептерінде оқитын 5-7 сыныптар үшін Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка пәндерін толықтыратын «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығы әзірленді. Сәйкесінше 2018-2019 оқу жылының ІІІ тоқсанын бастап бұл оқулықпен өңір мектептерінің 5,6,7 сыныптарында білім алатын 66 582 оқушы қамтылды, –дейді облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова.

Білім басқармасының басшысы өз сөзінде оқушыларға туған өлке тарихын танытуда мұражайлар мен мәдени-тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылып жатқандығын да тілге тиек етті.

–«Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында биыл 65 900 балаға туристік экскурсиялар ұйымдастырылды. Жазғы маусымда бұл көрсеткіш 81 мыңға дейін ұлғаяды. Осынау шараларға колледж оқытушылары мен оқытушылары да белсене қатысуда. Атап айтсақ, білім саласында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерін іске асыруға 339 098 мектеп оқушысы мен колледж студенттерін қамтымақ,–дейді Рахия Сейітбекқызы.

Мұнан бөлек облыс мектептері мен арнаулы орта білім беру ұйымдарында «Oqy, tap» онлайн байқауы да өткізілді. www.oqy,tap.kz сайтында үш кезең бойынша ұйымдастырылған байқауға 3 мыңға жуық оқушы ниет білдірген. Үш кезеңнен тұрған сыннан олардың жетеуі үздік шығып, «Балдәурен» сауықтыру орталығына демалыс жолдамасын жеңіп алды. Сол секілді бейне-челлендж байқаулары да оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттырып, оның қадір-қасиетін бағалай білуге шақырды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи