Алматы облысында оқушы қыз телефон жарылысынан қайтыс болды

/image/2019/09/29/crop-86_2_283x377_photo_59854.png

28 қыркүйекте Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылында жеке үйде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

14 жастағы оқушы Абзалбек Алуа Әсетқызы түнде ұялы телефонын зарядтап, ұйықтаған. Таңға жуық смартфонның батареясы жарылып, қыз бала жарақат алып, салдарынан қаза тапты. 

Оқиға орнына келген полицейлер қыз баланың денесінен зорлық белгілерін анықтамаған. Нұсқа бойынша, қыз бала әуен тыңдап, ұйықтап қалған. Қыз баланың өлімі қайғылы жағдай ретінде тіркелген. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи