"Уақыт аз қалды": Бердібек Сапарбаев спортшыларға ашулы

/image/2019/10/03/crop-97_8_516x688_20180410015452.jpg

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрес, бокс, ауыр атлетика бойынша ұлттық құрамалардың жақында өткен әлем чемпионатындағы нәтижелеріне арналған жиналыс өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазановтың айтуынша, бүгінде Қазақстан қоржынында 9 спорт түрінен 20 лицензия бар. Олимпиадаға барлығы кем дегенде 100 лицензия алу жоспарланған.

«Нәтижелер өте нашар, олар бокста командалық үшінші орынды, ауыр атлетикадан 12-орынды, күрестен 14-орынды иеленді. Боксшылар арасындағы жалғыз алтын медаль бар. Министрліктің, Ұлттық олимпиадалық комитеттің, федерациялардың және демеушілер өз деңгейінде қолдау білдіріп жатыр. Бірақ нәтиже қайда? Спорт - бұл бүкіл елдің имиджі. Токио Олимпиадасында лайықты нәтижелер көрсету үшін қателермен жұмыс жасаңыз. Уақыт аз қалды" , - деді Бердібек Сапарбаев. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи