Белгілі айтыскер қайтыс болды

/image/2019/10/03/crop-12_10_496x620_4-640-x-512.jpg

Айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағы" қоғамдық бірлестігің Аitysker.org сайты хабарлады. 

Сайттың хабарлауынша, ақын кеше, қазанның 2-і күні қайтыс болған.

"Қазан айының 2 жұлдызында белгілі  ақын, Оңтүстік өңіріндегі  айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі  — Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында  ауыр науқастан өмірден өтті", - делінген одақ сайтының хабарламасында. 

Жарқынбек Наушабеков 1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі,   1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған.  Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны" номинациясын иеленген. "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері  Сарыағаш аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарған.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи