Литва астанасы Вильнюсте өткен трансатлантикалық энергетикалық ынтымақтастық конференциясында АҚШ энергетика министрі Рик Перри Балтық теңізінің түбіне салынатын "Солтүстік ағын-2" газ құбыры Ресейге Еуропаның сыртқы саясатына ықпал жасауына мүмкіндік беретін ескертті.
"The Baltic Times"-тің хабарлауынша, Рик Перри "Солтүстік ағын-2" газ құбыры салынған жағдайда Ресей Еуропаның құрлықтағы газ тасымалына әсері етіп, энергетикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай зиянын тигізетінін мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Ресейді Түркия мен Германия мемлекеттерімен байланыстыратын газ құбырлары "Солтүстік ағын-2" және "Түрік ағыны" Мәскеуге Украина арқылы газ жеткізуді кейінгі он жылдық ішінде тоқтатуға мүмкіндік беретінін атап өткен.
Оставить комментарий