Жамбылдық диқандар биыл 687,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабына егін еккен. Қамбаға 763,2 мың тонна астық құйылып, астықты алқаптардың гектарға шаққандағы өнімділігі 23 центнерді құраған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ағымдағы жылы жамбылдық диқандар 352,4 мың гектар аумаққа масақты, 60,9 мың гектарға майлы дақылдар ексе, 10,1 мың гектар алқапқа картоп екті. Мұнан бөлек 66,3 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары орналастырылса, стратегиялық дақыл саналатын қызылша алқабының жалпы көлемі 5,6 мың гектарды құрады. Биыл өңір шаруалары негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын көптеп өсіруге күш салды. Соның есебінен аталған дақыл түрлері 18,6 мың гектар алқапқа артық егіліпті.
Күзгі жиын теріннің алғашқы нәтижелерінде ағымдағы жылы қамбаға 763,2 мың тонна астық құйылған. Орташа өнімділік гектарына 23 центнерге тең. Күні бүгінге дейін 60,9 мың гектарға егілген майлы дақылдардың 39 мың гектары орылған. Олардан алынған өнімнің жалпы көлемі 27,9 мың гектарды құрайды. Бұл дегеніңіз өңірдегі майлы дақылдардың әр гектарынан 7,1 центнер өнім жиналғанын білдіреді.
Сол секілді Жамбылдағы картопты алқаптардағы өнімділікте өте жоғары көрсеткішке қол жеткізілген. Жалпы аумағы 230,8 мың гектар алқапқа егілген «екінші нанның» әр гектарынан орта есеппен 270,5 центнер өнім жиналды.
Биыл өңір диқандары басымдық берген көкөніс-бақша алқаптары 99,9 пайызға жиналған. Сәйкесінше егін шаруашылығының ең маңызды секторы саналатын бұл дақылдың әр гектарынан 27,3 тонна өнім жиналып, диқандар еңбегі еселеніп қайтты.
Бүгінде кейбір шаруашылықтар күзгі-жиын терім науқанының негізгі бағыттарын аяқтап, күздік бидайды себу жұмыстарына кірісіп те кеткен.
–Ағымдағы жылы облыста 114 мың гектар алқапқа күздік бидай себу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға 5063 техника жұмылдырылмақ. Сондай-ақ жалпы көлемі 16 200 тонна болатын жанар-жағармай қоры жеткілікті. Күзгі дала жұмыстарын қажетті қаржыны алуда жамбылдық шаруалар «Кең дала», «Егінжай» сынды несиелендіру бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалануда, –дейді обылс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшының орынбасары Ерлан Құлкеев.
Оставить комментарий