"100 жаңа есім" жобасының қатысушылары жастармен кездесті

/image/2019/10/16/crop-34_149_697x1239_125140518300.jpg

Жамбыл облысында «Жастардың алтын бесігі» тақырыбында жастардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кандидаттары және жеңімпаздарымен кездесуі өтті. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінде өткен шара Қазақстан халқы ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мекемесінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды.

Жастар жылы аясында өткен жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық «Қан орталығының» директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Гулам Умаров, Жамбыл ауданы Аса ауылындағы «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Разақова қатысып, жастармен жетістікке жетудің жолы жайлы ойларымен бөлісіп, білім бәсекесінде озық болуға шақырды.

Жанына рахат сыйламаған мейрамханадан бас тартып, балаларға арналған тегін мектеп ашқан Айгүл Разақова:

– «100 жаңа есім» жобасының тізіміне кіремін деп ойламадым. Мен тек өзіме бақыт сыйлайтын жұмыспен айналыстым. Және сол еңбегім осындай жеңіске жеткізді. Жас кезімізде 90-жылдары жолдасым екеуміз 3 бөлмелі уйімізден балаларға арналған тегін мектеп аштық. Мектептің шығынын өзім куніне 4-5 шұлық, 1 жемпір тоқып өтедім. Солай мектепте бірнеше үйірмелер аштық. Қазіргі уақытта орталығымыздағы 9-сынып оқушысы би өнерінен «Қазақстан рекордтар» кітабына енді. Менің айтқым келгені Сендердің әрқайсыларың осы «100 есімнің» қатарында болуға лайықтысыңдар. Тек жас кездеріңді бос істермен әурелемей, қазіргі кездің өзінде үлкен жетістікке жете алатындарыңды түсінсеңдер деймін, – деп ағынан жарылды.

Өскелең ұрпақтың санасында әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизмді нығайтуға бағытталған кездесуден жастардың алған әсері ерекше. № 3 Байзақ колледжінің студенті Нұрқасым Мыңжасар: «Бүгінгі кездесуден колледжіміздің жастары ерекше әсер алды. Жиынға қатысып, тағылымды дүниелер айтып жастарды жігерлендірген қоғам қайраткерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Алдағы уақытта осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса біз тек қуанамыз!» – деп кездесуден алған тәлімімен бөлісті.

Шара нәтижесінде жастар білім-ғылым саласында жетістікке жетіп, өз істерінің шебері атанған кейіпкерлермен ашық әңгімелесе отырып «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының нақты жетістіктерімен танысып, болашаққа бағдар алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи