Еңбек қатынастарын реттеуге баса назар аударылуда

/image/2019/10/16/crop-9_10_490x871_1527824517_article_b-900x_.jpeg

Жамбыл облысында жұмыскерлердің еңбек шарттарының бұзылмауы мақсатында жоспарлы жұмыстар жүруде. Бұл ретте, жауапты мекеме – облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы аталған заңбұзушылықтардың орын алмауын қырағы қадағалап, шағым айтушылардың мәселелерін шешуге күш салып келеді.

Басқарма жұмысшылар құқығын қорғаудағы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – ұжымдық шарттар қабылдау. Бұл ретте, облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғаның 4545 немесе 52 пайызы ұжымдық шарттармен қамтылған. Нақтысын айтқанда, 1559 мемлекеттік, 2985 жеке сектордағы кәсіпорындар. Бұл облыстар арасындағы 7 көрсеткіш.

Сондай-ақ, жұмыскерлердің жұмыстан қысқартылуына және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу бағытында да шаралар қабылдануда. Мәселен, бұл үшін облыста әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері бойынша 8052 меморандумдар қабылданған. Бұл облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 92,6 пайызын құрайды. Бұл өңірлер арасындағы 5 көрсеткіш.

Бұдан бөлек, әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстың 1247 кәсіпорнында 49880 еңбек шарттарын енгізу тиіс болса, бүгінгі күнге облыстың 1397 кәсіпорыны 56 653 еңбек шарттарын енгізді. Яғни, жылдық меже 112 пайызға орындалып отыр. Бұл жұмыста Жамбыл облысы ел көлемінде алғашқы орынға шығып отыр.

Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру да аса маңызды істер қатарында. Бұл ретте құзырлы басқармамен 2018-2019 жылдарға арналған «Еңбек шартын жасайық» атты акциясы жарияланып, еңбек қатынастарын заңдастырмай жүрген тұлғалардың өзектендіру алгоритмі бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осының нәтижесінде облыстың 63828 тұлғасы өзектендіріліп, 4275 тұлғаның еңбек шарттары жасалынып, заңдастырылды.

Ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында 37 жазатайым оқиға орын алып, 47 адам жапа шекті. Оның 7 адам өлімімен аяқталып, 21 ауыр жарақат, 19 жеңіл жарқат алған.

Жамбыл облысы Республика бойынша жазатайым оқиғада жапа шеккендердің пайыздық үлесі бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда жоғарғы көрсеткішті көрсетуде, ал жапа шеккендердің санымен 7 орында.

Оставить комментарий

Связанные Статьи