Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту және өкілетті органдар арасында осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін сапалы өзгерту аясында қадағалаушы органдар қамқорлығымен жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтар құрылған болатын. Атап айтқанда, прокуратура органдарында алдын алу және идеологиялық жұмыстарды өткізу үшін ең проблемалық орта білім беретін мектептерге бекітілген ведомствоаралық бес мобильдік топтар құрылып, осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері де тартылған болатын.
Жуырда Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Рустам Әбілхаировтың төрағалығымен мобильдік топ мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі және құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог - психологтар, аудандық полиция бөлімінің басшысы және қызметкерлерінің қатысуымен жиын болып өтті.
Жиында әуелі бес мобильдік топтың үстіміздегі жылы атқарған жұмыстары туралы аудандық прокуратураның прокуроры Жұлдыз Қойкенова, кәмелетке толмағандар арасында 2019 жылы орын алған құқық бұзушылықтар және атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ ЮПТ инспекторы Асхат Рәпілбектің есебі тыңдалды. Сонымен қатар, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Индира Спаналиева ата-анасының ықпалымен дәстүрлі емес діни ағымға тартылған кәмелетке толмағандар және бірыңғай мектеп формасының талаптарын орындамайтын оқушылардың ата-аналарымен жүргізілген жұмыстар туралы, әдіскер Разия Сәбитбекова кәмелетке толмағандар арасында зорлық - зомбылықтың және өзіне - өзі қол жұмсаудың алдын алу бағытында ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұдан бөлек, аталған кеңесте аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия, білім беру, полиция бөлімінің жұмысындағы заң бұзушылықтар мен кемшіліктер де назардан тыс қалмады.
Жиын барысында бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс пен құқықбұзушылықтың, олардың арасындағы өзіне қол жұмсаудың алдын – алуға тиісті шаралар қолдану хаттамаға енгізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын соңында мобильдік топтардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Оставить комментарий