Жедел де жауапты қызмет жолында

/image/2019/10/16/crop-24_11_697x1239_zhedel-de-dgauapty-qyzmet.jpeg

Өз өмірлерін адам өмірін құтқаруға арнаған адамдардың еңбегін асыра бағалау мүмкін емес. Көп адамға көмек көрсетіп, оларды аман алып қалу үшін қалтарыс пен жаңылыс болмауы керек. Дәл осы қызмет Төтенше жағдайлар комитетінің Апаттар медицинасы қызметінің міндетіне жатады.

Қазақстан ТМД-ның алғашқы елдерінің бірі болып республикалық шұғыл медициналық көмек орталығын құрды. 1994 жылы орталық өзінің Апаттар медицинасы орталығы болып қазіргі заманауи атауын алды.

Жамбыл облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалы қызметінің мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, ЖКО, авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне амбулаториялық-медициналық көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жолымен адами шығындарды төмендету, Жамбыл облысы бойынша Апаттар медицинасы саласында мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының үйлестіруі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күні Апаттар медицинасы орталығының филиалы – Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне кіретін кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі.

Төтенше жағдайларға ден қою бойынша орталықтың негізгі жедел бірлігі күре жолдық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл медициналық көмек бригадалары және филиалдың шұғыл медициналық көмек бригадаларына бөлінген. Шұғыл медициналық көмек бригадалары Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында, Шу ауданы Төле би ауылында, Мойынқұм ауданы Бурылбайтал ауылында орналасқан.

Шұғыл медициналық көмек бригадалары зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызмет атқару барысында бөлімшелері барлық ірі төтенше жағдайларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етуге белсенді қатысып, зардап шегушіге білікті медициналық көмек көрсетті.

Апаттар медицинасы орталығының филиалы емдеу ұйымдарында құрылған және жоспарланған оқу-жаттығуларда пысықталатын тұрақты дайындық режимінде тұрған денсаулық сақтау жүйесінің медициналық құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының филиалы өзінің қызмет объектісі және оған тән жұмыс әдістері бар облыстың денсаулық сақтау саласының дербес саласы ретінде өзін көрсете білді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи