Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тек қана жасалынған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарымен күресіп қана қоймай, осы саладағы мемлекет саясатын, яғни түсіндіру және алдын алу жұмыстарын да жүргізуде.
Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында ауқымды және жүйелі жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде, халық арасында осы дертке деген тұрақты төзбеушілік мәдениеті қалыптастырылуда.
Ағымдағы жылдың 9 айында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 151 ұсыным жолданған. Оның ішінде 80-і қаралып, 88 тұлға тәртіптік жазаға тартылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бөлігінде үнемі түрде профилактикалық жұмыс жүргізіліп, 20 азаматқа 2,8 млн. теңге көлемінде сыйақы төленген.
Сонымен қатар, қылмыстармен келтірілген залалды өндіру бағытында бірқатар жұмыстар жасалынды. Атап айтқанда, Қылмыс салдарынан келтірілген залалдың соммасы 1,4 млрд. теңгені құраған болса, оның 985 млн. теңгесі өндіріліп, қылмыстық жолмен табылған 122,3 млн. теңгенің мүлігіне тыйым салынды.
«Transparency International»Халықаралық ұйымының 2018 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 180 елдің ішінде 124 орынға ие болып, 31 балл жинап өзгеріссіз орынға тұрақтап отыр. Осыған байланысты, Transparency International-дың Қазақстандағы қоғамдық қорымен облыстағы жемқорлықтың деңгейін анықтауға арналған зерттеу жүргізіліпті. Зерттеу шеңберінде сауалнама әдісімен жеке тұлғалардан – 7 284 респондент, сондай-ақ,шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінен -1 824 респондентті қамти отырып сауалнама алынған.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 мамырына дейінгі кезеңде «Ашық диалог» порталына келіп түскен 15540 өтініштің ішінде жеке және заңды тұлғалардың 568 өтініші іріктеліп, талданыпты.
Оның нәтижесі бойынша, халықтың әлеуметтік сауалнамасының қорытындысымен, жауап берушілердің әрбір оныншы дерлік мәселені формалды емес тәсілмен шешу қажеттігіне тап болғанын көрсеткен.
Оставить комментарий