Жемқорлық фактісі бойынша білім саласы көш бастап тұр

/image/2019/10/16/crop-17_6_407x723_1569413125_euzab5tb.jpg

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта аймақта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызмет етуде. Департамент басшысы Ә.Әшірбаевтің айтуы бойынша, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты санынан сапаға ауыстыру туралы тапсырмасын жүзеге мақсатында қылмыстарды анықтау жұмысы белсендіріліп, оң нәтижелерге қол жеткізілген.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында жүйелі сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша – 6, кіші және орта бизнес субектілерінің жұмысына араласу дерегі бойынша - 14, лауазымды тұлғалар тарапынан көлеңкелі бизнес субъектілеріне қамқолық жасау дерегі бойынша – 7 және мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау дерегі бойынша - 14қылмыс тіркелген.

Мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатында жасалынған қылмыстардың саны бойынша, әлі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар көш бастап келеді. Бұл өте өкінішті статистика. Өйткені, халықпен тікелей байланыс жасайтын орган болғандықтан, бұл салада жемқорлық фактілерімен кездесудің ықтималдығы өте жоғары деңгейде әлі күнге дейін сақталып келеді. Нақты айтар болсақ, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты 53қылмыстық іс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда небары 34-ті құраған еді.

Жемқорлық әрекеттеріне жол берілген салаларда көш басын білім беру саласы бастап тұр. Аталған салада жыл басынан бері 18 жемқорлық фактісі тіркелген. Сонан соң, ауыл шаруашылығы – 8, мәдениет және спорт – 6, денсаулық сақтау – 5, құрылыс – 5, жер қатынастары – 4, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 3 және әлеуметтік қамсыздандыру – 1 оқиға орын алып, тізімге ілігіп отыр.

Бұл ретте, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің де «белсенділігі» басым болып отыр. Аталған салада 17 оқиға тіркелген. Сондай-ақ, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері – 6, әскери шенділер – 4, қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – 4, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері – 2 жағдайға жол берген.

Осындай оң динамика сотқа дейінгі іс жүргізу бағытында да байқалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында Департаментпен 93 қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны 89-ды құрап отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи