Жемқорлыққа жол бермеу – басты мақсат

/image/2019/10/16/crop-71_9_579x772_e8cd7db05d006ddb5d6c54a757c2b05f_xl.jpg

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Мәселен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Тікелей Президентке бағынатын жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет етуде. Атаулары көрсетіп отырғандай, Заңның да, Агенттіктің де басты мақсаты – әлеуметтік дерттің алдын алу болып табылады.

Осы мақсатта Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде "Адалдық сағаты" өтті. Онда бөлім басшысы А.Тойшыбекова :

– Тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында барлық өңірде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылған болатын. Жамбыл облысында құрылған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету, автомобиль жолдары, полиция және өзге салаларда жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Аталған жұмыстарға арнайы мониторингтік топ өкілдері, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, департамент пен әкімдік қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысуда.

Сонымен қатар агенттіктің 1424 Call-center орталығы тұрақты түрде жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы аралығына Call-center орталығына әр түрлі құқық бұзушылықтар туралы 768 азаматтың өтініші түскен, олардың ішінде 30 Жамбыл облысының аумағында жасалынған заң бұзушылықтарға қатысты, – деді.

Жалпы, ауданда Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу туралы қағидасына» сәйкес азаматтармен үнемі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған – 18 адамға жалпы соммасы 2,5 млн. теңгеге біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу төленген. Барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректері бойынша, лауазымды адамдар әр түрлі қылмыстық жауаптылықтарға тартылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи