Жамбыл облысында жұмыскерлердің еңбек барысындағы құқықтарының сақталуы жіті қадағалауда. Бұл мақсатта аймақта арнайы орган – облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы қалтқысыз қызмет етуде.
Аталған басқарманың берген мәліметі бойынша, жыл басынан бері облыста 21 кәсіпорында 4872 жұмыскер алдында 788,5 миллион теңге жалақы қарыздары анықталып, оның 660,1 миллион теңгесі немесе 87,1 пайызы өндірілген. Нәтижесінде 4113 жұмыскердің құқықтары қорғалды.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 8 айда жеке және заңды тұлғалардың 753 арыз-шағымдары қаралып, 122 тексерулер ашылып, 163 заң бұзушылық фактілері анықталған. Олар бойынша 4 миллион 810 мың 125 теңге көлемінде 30 әкімшілік айыппұлдар, 17 ескерту түріндегі әкімшілік шаралар қолданылып, 68 орындалуы міндетті нұсқамалар берілді.
Нәтижесінде 705 арызданушының құқықтары қорғалып, қанағаттандырылды.
Жалпы, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу барысында негізгі бес бағыт айқындалып, жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, мекеме төменгі жалақыны көтеру, ұжымдық шарттар қабылдау, меморандумдар қабылдау, әлеметтік-еңбек саласын цифрландыру және бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бағытында нақты жұмыстар жүргізуде.
Осы ретте, аймақта төменгі жалақыны көтеру жұмыстары жүйелі жүзеге асуда. Атап айтқанда, облыстың 7297 немесе 82,8 пайыз кәсіпорыны 72,9 мың жұмыскердің жалақысын орта есеппен 39,8 мыңнан 50,2 мың теңгеге немесе 26,1 пайызға көтерді. Бұл еліміздің өңірлері арасындағы 6 көрсеткіш болып отыр.
Оның ішінде, 91 ірі кәсіпорын 43300 жұмыскерге, 42 орта кәсіпорын 3877 жұмыскерге, 7164 шағын кәсіпорын 25763 жұмыскерге жалақыларын көтерді. Осылайша, орташа номиналды жалақы мөлшері 112,3 мың теңгені құрап, орташа республикалық мөлшерден 33,4 пайызға төмен болды.
Бұл орайда жұмыс берушілермен жалақы төлеу жүйесін реттейтін 4046 акті қабылданды. Оның ішінде, 2427 бұйрық, 467 ұжымдық шарт, 1134 үшжақты келісімдер, 3 хаттама және 15 ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу және бір аумақтық үшжақты келісімдер қабылданған. Бұл өңірлер арасындағы 6 көрсеткіш.
Оставить комментарий