Тегін дәрі-дәрмекпен қамтуда мәселе туындамайды  

/image/2019/10/21/crop-13_5_516x774_dari-darmek.jpg

 

Денсаулық сақтау ісінде жүйелі ем алу ғана өз нәтижесін береді. Ал науқастардың жүйелі ем алуы үшін олар қолданатын медициналық преператтардың қолжетімді болуы маңызды. Бұл орайда биыл облыста тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға 4 миллиард теңгедей қаржы қарастырылып, жыл басынан аталған қаржының 85,7 пайызы мақсатты игеріліп үлгерді, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.

 

Тегін дәрі-дәрмек дәрігер ұсынған рецептідегі препараттарды алуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін үлкен көмек саналады. Сол себептен де медициналық қызмет сапасының жоғарылылығына қол жеткізуде тегін дәрі-дәрмекпен қамту ісін бөле жара қарауға болмайды.

–Ағымдағы жылдың қазан айында жыл басында берілген бюджеттік өтінімнің қажеттілігінен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 85,7 пайызы жеткізілді. Өңірдегі медициналық ұйымдар 449 атау бойынша қажетті амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта 4 миллиард 79 мың теңгедей қаржы жұмсалды.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауға көшті. Онда тұтынушылар мен науқастар үшін барлық мәліметтер онлайн-режимде қолжетімді етілген. Жыл басынан бері республикалық бюджет есебінен 97 252 науқас қажетті 398 636 дана препаратмен қамтылды. Бұл мақсатқа 3 миллиард 851 миллион 500 мың теңгедей қаржы жұмсалды. Ал жергілікті бюджеттен бөлінген 540 миллион теңгеге 98 науқасқа қажетті дәрілік преператтар сатып алынды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйрығына сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тиісті пациенттер тобын қамтамасыз етуде бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесіне өтінім берілді. Бұл өтінімде медициналық ұйымдарға қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікке сай өтінім беріледі. Басқарма тарапынан науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету кезінде наразылықтар туындамас үшін тегін дәрі-дәрмек алған науқастар арасында арнайы мониторинг те жүргізілуде. Бұл мониторингке сай басқарма мамандары тегін дәрі алған науқасқа телефон шалып, оның препарат алуда кезіккен қиындықтары жайында сұрастырады,–облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи