Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында ақылы жолдардан түсіп жатқан пайда туралы мәлімдеді.
– 2013 жылы ақылы автокөліктің алғашқы желісі – 211 шақырымдық Нұр-Сұлтан – Шучинск бағыты іске қосылды. Бұл бағыт бойынша жылына 1 млрд теңгеден астам қаржы түсіп, жолды ұстап тұру шығынын толық өтеп жатыр. Бүгінде 682 аталған желі ұзақтығы 682 шақырымға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан – Теміртау (134), Алматы – Қапшағай (42), Алматы – Қорғас автожолдарынан жылына 4 млрд теңге түсуде, – деді министр.
Атамқұловтың айтуынша, жол бойындағы қызмет көрсету саласының сапасы да артып келеді.
– Жол бойындағы қызметтің сапасын жақсарту үшін 1822 нысанның 1 мыңы ұлттық стандартқа сәйкестендірілді. Сондай-ақ бюджет пен жеке қаражатқа 73 объект бой көтерді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, – деп атап өтті Атамқұлов.
Ведомство басшысының сөзінше, автожолдарды дамытуға соңғы 5 жылда 590 млрд теңге бөлінген.
Оставить комментарий