Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін шыңдауда

/image/2019/10/22/crop-8_7_307x545_061552178600.png

Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға айрықша тоқталып, бұл бағыттағы міндеттерді жүйелеп берген болатын. Осы бағытта Жамбыл облысында жоспарлы жұмыстар жандана түсуде. Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруда ішкі бақылау шараларының да маңызы зор.

Ішкі бақылау шеңберінде тұрғындарға қызмет көрсету жағдайлары зерделенуде және қызмет көрсету тәртібін түсіндіретін ақпараттың болуы, қол жетімділігі тұрақты бақылануда.

Облыстық, қалалық, аудандық деңгейде түсіндірме, оқыту және тәжірибелік көмек жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында 2018 жылы «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер. Мемлекеттік қызметте ақпараттық технологияларды қолдану. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарынан 54 қызметкер дәріс алған.

Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып отыр.

Сонымен қатар 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, облыс әкімдігінің қабылданған 30 қаулысымен 64 регламент қайта бекітіліп, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін, күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілуі тиіс. Аталмыш заң талабы орындалмағаны үшін 2018 жылы облыс әкімдігінің 6 басқарма басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ағымдағы жылы да мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту мерзімдері бұзылуда. Заң талабы орындалмағаны үшін 2019 жылы облыс әкімдігінің 2 басқармасының жауапты қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Баршаға белгілі, еліміздің экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму бағдарына көшіруге жағдай жасау мақсатында, 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Аталмыш бағдарламаның нысаналы индикаторының бірі – электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру, яғни 2022 жылға дейін – 80%-ға жеткізу. Сонымен қатар, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 83%-ға жеткізу. Ең бірінші мақсат, Электронды үкіметтің «веб-порталы» мүмкіндіктерін халыққа кеңінен насихат жұмыстарын жүргізу. Екіншіден, сауалдарымен жүгінген қызмет алушыларға сапалы ақпарат бере отырып, дұрыс бағыт бағдарлау. Үшіншіден, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізу.Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи