Пәкістандағы пойызда 62 адам өртеніп кетті (видео)

/image/2019/10/31/crop-192_2_435x580_091814047800.jpg

Пәкістанда 62 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Пойызда өрт болып, жолаушылар тірідей өртеніп кетті. 

Пәкістандағы журналистер Twitter парақшасына ақпарат беріп, видео жариялады. Алғашында пойыздағы өрттен 25 адам қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда біраз уақыттан кейін қаза тапқандардың саны артты. 

Жолаушылар пойызы Карачи қаласынан Лахорға бағыт алған. Бұл халық саны бойынша ең үлкен қалалардың бірі. Өртке пойыздағы газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. 

Сондай-ақ теміржол министрі Шейх Рашид көптеген адамның өртенген пойыздан секіріп, қаза тапқанын айтты.

Туыстары қаза тапқандардың мәйітін тексеруді бастады. Кейбіреуінің кім екені анықталды. Дегенмен кей адамдардың денесі қатты күйіп кеткендіктен, кім екені анықтау мүмкін болмаған. 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи