Алматының мақтанышы – «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде сырғанау маусымы ашылды. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Шымбұлақта шаңғы маусымын аштық. Биыл мұндағы жалға берілетін аймақ екі есеге артты. Барлық жабдықтар жаңартылып, тау шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейтілді. Күрделілігі түрлі деңгейде болатын 25 шақырым трасса дайындалды.
Өткен жылы мұнда шамамен 682 мың адам болды. Оның 220 мыңы шаңғышылар. Келушілердің жыл сайын 15 пайызға өсуі туристерге көрсетілетін қызмет деңгейінің көтерілгенін білдіреді.
65 жылдығын атап өткелі отырған тау курорты шетелдік туристер үшін, әсіресе Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне танымал демалыс орнына айналды" деген қала әкімі алматылықтарға маусымның сәтті, жарқын күндердің көп болуын тіледі.
Оставить комментарий