Алматының басты ақпарат арнасына 20 жыл

/image/2019/11/19/crop-64_-23_672x896_img-20191113-wa0040.jpg

23 қараша күні сағат 16.00-де «Медеу» мұз айдынында «Алматы» арнасының 20 жылдығына орай мерейтойлық кеш өтеді. Оған Әлішер Кәрімов, Бүркіт пен Аиша, Бейбіт Көшқалиев, Серікбол Сайлаубек сынды эстрада өкілдері, «CrystalZ», «Оtty», «MalіkaYes», «MayBo» және «Бұйра» сынды жастар арасындағы жаңа бағытты дәріптеуші топтар мен орындаушылар өнер көрсетеді.

Концерт барысында қала мен телеарна тарихынан әзірленген қызықты ұтыс ойындар ұйымдастырылмақ.

Мерейтойлық концерт билеттері tіcketon.kz немесе kassіr.kz онлайн кассаларында сатылады.

«Алматы» арнасы тарихы 1999 жылдан бастау алады. Арнаны «Отау ТВ» спутниктік теледидары арқылы республиканың кез келген аумағынан тамашалауға болады. арна тәулігіне 19 сағат хабар таратады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи