Қазақстанда азаматтық қозғалыстарға қысым жасалуда

/uploads/thumbnail/20170708190547090_small.jpg

Жақында «Азаттықтың» орыс бөлімінде «Ашық диалог» (Польша)  ұйымы белсенділерінің  «Притеснение активистов  в Казахстане», «Қазақстандағы азаматтық белсенділерге қысым» атты видео жарық көрді. (http://rus.azattyq.org/image/video/kazakhstan_open_dialogue_civil_society_report/27141574.html).  Онда баяндама авторларының бірі Катерина Савченко Қазақстандағы тәуелсіз, оппазициялық және БАҚ-тардың билік тарапынан қысымға ұшырауы және мұның аяғы қылмыстық іс қозғауға дейін апарып соқтыратындығы туралы айтқан. Айтпақшы, айтқышбек қызымыз Катеринаның өзі болса, Украина астанасы Киев қаласында тұрады екен. Ал Прага студиясына арнайы сұхбатты польшалық журналист Казис Тогузбаев жүргізген.

Сұхбат алып отырған журналист Казис Тогузбаев шет мемлекетте жүрген белсенді арасындағы сұхбат ауаны Қазақстандағы азаматтық қозғалыстардан өзге оппазияциялық БАҚ пен партиялардың жағдайына ауысқан. Журналист қойған алғашқы сұрақтың өзінде-ақ, Қазақстандағы дау мен жанжалдың ортасынан табылатын бейресми «Алға» партиясы мен баяғыда тұқымы тұздай құрыған «ДВК» туралы сөз қозғалған.   

Ал Алғаның арнайы өкілі Катерина ханым болса, еш мүдірместен 2005 жылғы ҚДТ (қазақстандықтардың демократиялық таңдауы) қозғалысының белсенділері мен еш жерде тіркелмеген «Алғаны» мысал ете отырып, Қазақстандағы азаматтық қозғалыстардың жағдайы туралы баяндаған. Интервюердің айтуынша, ҚР Әділет министрлігі әрқашан азаматтық қозғалыстарды, партиялар мен оппазициялық  БАҚ-ты тіркеуден қашып, тіпті саяси қудалауға дейін апарады екен.

Сонымен қатар, журналист Казис Тогузбаев мырзаның аталмыш қысымдарға қатысты нақты фактілерді атап бере аласыз ба деген сұрағына интервюер Катерина Савичева ханым «Жаңаөзен оқығасы», «Оставить народу жилье», «Антигептил» секілді  азаматтық қозғалыстарды атап өткен. Катерина ханымның айтуынша, бұл қозғалыс жетекшілері мен белсенділеріне түрлі саяси әдістер қолданылған. Біреулерін ашықтан-ашық абақтыға жапса, енді біреулерін саяси қудалауға ұшыратқан-мыс. Сұхбат барысында Шаңырақ оқиғасының батыры – Арон Атабек пен Алғаның жетекшісі В.Козлов туралы да сөз қозғалған.

Енді, мына екі оқиғаға қатысты талдау жасап көрейікші. Біріншеден, Қазақстандағы сөз бостандығы, азаматтық қозғалыстардың бостандығы туралы айта кетейік.  2015 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан сөз бостандығы жөнінен 161-орынға табан тіреген. Мұндай рейтингті «Репортеры без границ» құқыққорғау ұйымы жасаған (http://demos.kz/kaz/index.php?news=188). Яғни, біздің елдегі демократияның көрінісі Қытай, Корей, Ресей секілді мемлекеттермен салыстырғанда көші ілгері екенін түсінуге болады. Мүмкін, сұхбатта айтылғандай Қазақстандағы билік немесе ресми орган тарапынан  оппазициялық топтарды тұншықтыру процесстері жүргізіліп жатқан болуы мүмкін. Дегенмен, біздің қоғам толық демократиялық принціптерге дайын ба деген сұрақ туындайтыны заңдылық.

Ал еш жерде тіркелмеген Алға партиясына келер болсақ, «Мен орыс адамымын! Қазақ жері менің жерім!» (https://www.youtube.com/watch?v=SPX4-U0HzuQ) деп ұран салып жүрген Козловтың жетекшілігіндегі партияны Қазақстандағы ресми органдар «Экстримистік» деп тану туралы шешім шығарған болатын.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи