Өткен түнде Алматының Наурызбай ауданында сел жүріп, бірқатар елді мекендерде үйлерді тасқын су басқан. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.
"Алматыны сел алды" болып тараған бұл хабарды естіген жұрт үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. 31 арна тілшісі Ирина Советжан өзінің фейсбуктегі парақшасында сел болған аумақ туралы бейнежазбаларды бөлісті. Бейнежазбадан білгеніміздей кейбір көшелерді селмен ағып келген үлкен тастар алып қалған. Мұндай үлкен тастардан қанша үй мен адамдардың зардап шеккенін мөлшерлеу қиын.
"Түнгі сағат үште Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілгені туралы хабар түсті. Тасқыннан Алматының іргесіндегі Каменка мен Шапай ауылдарының, Наурызбай ауданында біраз үйлерді су алған" деп мәлімдеді Алматы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Нұрпейісов.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті селден мерт болған адамдар жоқ деп хабарлады.
Департамент өкілі Ерлан Нұрпейісов әлеуметтік желіде тараған "су тасқыны қайталануы мүмкін" деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Тек су деңгейі көтерілген, бөгенге зақым келмеген. Екінші рет сел жүру қаупі жоқ, жағдайды бақылап отырмыз" дейді ол.
ТЖД қазір оқиға орнында 400-ден аса құтқарушы мен 85 техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Ал, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мырза қазірге үнсіз. Су алған аймақты өзінің сүйікті "верталетімен" шарлап жүр деген хабар тарады. Қазірге велесипедтпен аралағаны туралы сыбыс жоқ.
Мүмкін бұл сел Ахметжан мырзаның "әкім" тағының ақыры болар...
Нұрзат Тоғжан
,
Оставить комментарий