Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қамауға алынғаны туралы хабар тарады.
WhatsApp арқылы тараған аудиожазбада ер адам әкімнің 15 қаңтар яғни бүгін ұсталғанын айтқан.
Бұл ақпарға қатысты Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, ақпаратты растайтын ресми деректің жоғын хабарлады.
"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз" делінген мәлімдемеді.
Болат Бақауов 2016 жылдан бері Павлодар облысын басқарып келеді.
Оставить комментарий