Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірігіп, Павлодар облысы әкімдігін тіндіген. Тергеу амалдары облыс әкімінің орынбасары Арыстан Қабикеновтың кабинетінде де жүргізілген, деп жазады ratel.kz сайты.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сеитахмет облыс басшысымен бірге күні бойы Екібастұз қаласында болып, жолдан кешке қарай келгендіктен, қолында әлдекімдердің ұсталғаны туралы деректің жоғын айтты. "Ұзынқұлақтан" жеткен әңгіме сенсек, Бакауов Екібастұзға жетіп үлгермеген немесе жеткенімен, жиналыс үстінде көмекшісімен бірге дереу Павлодарға қайтқан.
Кабинеті тінтілді делінген әкім орынбасары Арыстан Қабикенов әкімшілікте инвестициялық жобаларға жауапты болған. Қолда бар дерекке сай, ол әлдебір инвестордан пара алған. Қабикенов аталған қызметке 2019 жылғы 15 наурызда тағайындалған. Оған дейін инвестиция және даму бойынша вице-министр, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде инвестиция бойынша кеңесші қызметтерін атқарған.
Кей дереккөздердің ақпаратына сай, облыстағы жоғары лауазымды шенеуніктерден құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен жалғыз Қабикенов емес.
Ал облыс басшысы Болат Бакауов туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Алайда ол 23:00 шамасында өзінің инстаграмдағы парақшасына облыстағы басқармалардың бірі өткізген алқа отырысқа қатысқаны жөнінде жазба қалдырды. Осы арқылы әкім тергеуден аман екенін білдіргісі келгенге ұқсайды.
Оставить комментарий