Қазақстан коронавирустан қорғануға 1,5 миллиард теңге бөлді

/image/2020/01/30/crop-131_11_629x839_5f7f28cc259b036fb319b8f84590f089.jpg

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, үкімет қорынан    коронавирусқа қарсы қорғану заттарын сатып алу үшін 1,5 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. 

 

"Кеше Үкімет қорғаныс заттарын, бетперде және басқа да қажетті заттарды алуға тапсырма берді. Қаулыға қол қойылды. Үкімет қорынан қосымша 1,5 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, бұрынғы қор бар. Жалпы, жұртшылыққа медициналық көмек қажет болған жағдайда бізде барлық мүмкіндіктер - заттар да қаражат та бар", - деді минситр. 

Сондай-ақ, министр бетперденің жетіспеушілігі туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Адамдар байбаламға салынып, көптеп сатып алып жатыр. Бірақ бізде медициналық бетперделер жеткілікті екенін айтты. Егер де дәріханаларда болмай жатса, басшылыққа айтса, сонда жеткіземіз деді.

Дәл қазіргі уақытта үкімет қазақстандық студенттерді елге қайтаруға Қытай Сыртқы істер министрлігімен тікелей жұмыс істеп жатқанында айта кетті. 

"680 туристі елге жеткізу бойынша, олардың жартысы оралды. Біздің есебіміз бойынша, бүгін-ертең барлығы Қазақстанға келуі тиіс. Елге қайтамыз деген студенттер бойынша, біз қазір ұшақ дайындап отырмыз. Оларда Қытайдың Жаңа жыл мерекесін тойлауға байланысты демалыс болып жатыр. Қазіргі уақытта демалыс мерзімін ұзарту мәселесі қаралып жатыр. Оның қаншалықты ұзаратыны туралы, бізге Қытай үкіметі хабарлайтын болады. Ең бастысы біздің Қытай тарапымен келісуіміз және біз соның аясында жұмыс істейміз", - деді Сапарбаев. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи