ҰБТ-да педагогикалық мамандықтар үшін шекті деңгей жоғарылатылады

/image/2020/01/30/crop-133_33_274x365_unnamed.jpg

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерімен кездесу барысында мәлім етті, деп жазады informburo.kz.

2019 жылы педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу үшін ең төменгі шекті балл 60-ты құраса, 2018 жылы 50 балл болатын. Білім және ғылым министрлігі бұл шекті тағы 10 баллға жоғарылатып, 70 баллға дейін көтермек.

– Ұстаз мамандығы мектептің озат түлектері арасында сұранысы төмен мамандықтардың бірі. Оны қалдық қағидаты бойынша, мектепте үлгерімі төмен болған түлектер таңдайды. Осы орайда талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға көптеп тарту үшін нақты шаралар қолға алынуда. 2019 жылы оқуға қабылдану үшін шекті балл 60 баллға дейін жоғарылатылды. 2020 жылы шекті баллды 70 баллға дейін көтеру жоспарлануда, – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, 2021 жылдан бастап әр университет өз үлгісінде диплом беретін норма күшіне енеді. Бұл – жоғары оқу орындары арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, білім беру қызметінің сапасына деген жауапкершілікті арттырады деп күтілуде.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи