Қытай Халық Республикасында бір күннің ішінде коронавирустың 1731 жаңа жағдайы тіркеліп, 38 адам қайтыс болды, деп хабарлайды interfax.ru
ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметіне сүйенсек, вирусты жұқтырғандар саны - 7711 адам. Оның 170-і қайтыс болды. Сондай-ақ, Хубей провинциясының билігі емделуден бас тартқан короновирусқа шалдыққан адамдарды қылмыстық жауапқа тартпақ.
"Қытайдың Хубэй провинциясында науқастардың жалпы саны - 4586-а жетті, оның 38-і қайтыс болды. Ал, Сычуань провинциясында 1 адам. Жұқпалы дертпен 2126 адам Уханьда тіркелгені анықталды. Коронавируспен Гонконгта - 10, Макаода - 7 және Тайваньда - 8 адам тіркелген, - деп мәлімдеме жасады ҚХР Мемлекеттік комитеті.
Сонымен қатар, билік ауруханаларға гүл шоқтарын қоюға және баннерлер ілуге, емханаға кіруге тыйым салады.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің Қытайдан келген 23 қазақстандықты бақылауға алғанын, олардың 4-і ауруханаға түскенін айтты.
Оставить комментарий