Қазақстандағы ең жас ананың қаншада екенін білесіз бе?

/uploads/thumbnail/20170708190826113_small.jpg

Қазақстанда ең жас ана 13-ақ жаста. Ол Солтүстік Қазақстан облысында тұрады Бұл туралы «Қамшы» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің өкілдері Қазақстанда 2015 жылдың 1 шілдесінде кәмелетке толмаған 2420 жүкті қыздың тіркелгенін хабарлады. Олар 15-18 жас аралығында.

"Елде кәмелетке толмаған жүкті қыздардың үлесі - 1,2 пайыз. Олардың басым бөлігі Қостанай (1,9 пайыз), Жамбыл (1,8 пайыз), Солтүстік Қазақстан (1,7 пайыз) облыстарында тіркелді", - деп хабарлады департамент өкілдері.

"Қылмыстық кодекске сәйкес, кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынастағы және сексуалық мәндегі әрекеттері деректерін облыс, Астана және Алматы денсаулық сақтау басқармалары құқық қорғау органдарына жібереді", - деді министрліктегілер.

 Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүкті әйелдердің және фертильді жастағы әйелдердің порталындағы электронды базасындағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың 20 шілдесіне дейінгі статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүктілік есебінде кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз тұрғандығы туралы хабарланып, әлеуметтік желілрде талқыланған болатын.

Связанные Статьи