Әбләзов Қазақстанда аман-сау жүргенде не болар еді? (видео)

/uploads/thumbnail/20170708190856402_small.jpg

Шет мемлекеттердің абақтыларында немесе белгіленген аумағында жазасын өтеп жатқан яки жазасын күтіп жатқан қазақстандық саяси тұтқындар туралы әлемдік және қазақстандық БАҚ жиі жазып келеді. Солардың ішінде әлемдік БАҚ назарын тігіп отырған, 3 бірдей пост-кеңестік мемлекетті тақырға отырғызып кетті деген – атышулы экс-банкир Мұхтар Қабылұлы Әбләзов та бар екені әмбеге аян.

Кезінде «БТА» банкінің диркторлар кеңесінің бұрынғы төрағасы туралы қоғамдық ортада түрлі дақпырт тарағанымен ресми билік пен құзырлы органдағылар – Әбләзовты қазіргі саяси жүйенің басты оппаненті деп танитыны жасырын емес. Сондықтан да, оның прото бейнесін – ұры-қары образында көрсетеді. Мысалы, Бас прокуратураның тергеушілері БТА банкының бұрынғы басшылығы оффшорлық компанияларға ешқандай кепілсіз берілген несиелер арқылы Қазақстаннан 10 миллиард АҚШ долларын жылыстатқан дейді.

Әбләзов не үшін президенттік компаниядан шығып қалды?

Иә, 2001 жылдың шілдесінде Президент Назарбаев қазақстандық кәсіпкерлерді жинап, кеңейтілген отырыс ұйымдастырған болатын. Онда ҚР Президенті жүйеге бағынғысы келмейтін кәсіпкерлерді кез келген уақытта темір торға тоғыта алатындығын ашық жеткізген.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен кез келгеніңді қолдарыңнан сүйреп апарып сотқа бере аламын. Мен мұны істей аламын. Мұны қалай істейтінін де жақсы білемін!» деген болатын.(видео 1)

Ол кезде көбісі Президенттің жарлығына қарсы шығы алмады. Тіпті, қазіргі кейбір шенеуніктер секілді бас шұлғып, мақұлдаудан әріге аспаған-ды. Бірақ, банкир Әбләзов Назарбаевқа ашық сұрақтар қойып, президенттік басқару жүйесін сынаған жалғыз-жарым болды. (видео 2)

Оппазициядағы Мұхтар-Рембо

Тәуелсіз кәсіпкер өзінің ашық сындары арқылы көптеген қазақстандық шенеуніктердің қытығына тиетіні де жасырын емес еді. Тіпті, Мұхтар Әбләзов биліктің биік дәлізінде жүрген кезде де  кемшілікті бетке айтудан тартынған емес-ті. Ол Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік  концепциясын құрып,  ҚР Энергетика министрілігін басқарды. Ал 2001 жылы 33 жастағы Мұхтар БТА директорлар кеңесінің төрағасы болды. Иә, біреуді әсіре мақтағанымыз емес, бірақ Мұхтардың басшылығы тұсында БТА ТМД елдеріндегі ең үздік банктердің қатарында болатұғын. Мұхтар сол кездің өзінде Қазақстанның экономикалық нарығы құлдырап бара жатқанын жақсы білетін.

Саясаттанушы Виктор Ковтуновскийдің айтуынша, 2000-жылдардың бас шенінде қазақстандық саясаткерлер, тәуелсіз қозғалыс жетекшілері, кәсіпкерлер мен шенеуніктер Қазақстандағы саяси  жағдайды өзгерту үшін қандай да бір либералды, демократиялық партия құру жобасын бастап кеткен болатын.

Ал 2001 жылдың 18 қарашасы күні Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Әбләзов, Ораз Жандосов бастаған бір топ азамат «ДВК-ны» құрды.  Бұлардың сапында Әлихан Байменов, Болат Әбіловтер бар еді. Осылайша, жоғарғы билікте біраз жүрген Мұхтар – экс-шенеунік, экс-банкир, экс-министрі атанып шыға келді. Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақиянов пен экс-банкир Мұхтар Әбләзовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, саяси қудалауға түскені туралы қазақстандық БАҚ аз жазбады. Ал қазақстандық оппозиция аракідік Мұхтарды ақтауға тырысқанымен нәтижесіз еді.

ҚР Сенат төрағасы, ол кезде ҚР Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза да, «Кез келген демократиялық қозғалысты  қалыптастыру үшін ойланып-толғанып барып шешім қабылдау керек деп есептеймін. Бәрін кезең-кезеңімен өткізу керек. Демократия бұл баланың қолындағы «киндер сюрприз» ойыншығы емес»,-деген еді. (видео 3)

Егер саясат бумерангі мүлде өзгеше айналғанда Мұхтар Әбләзовтың қазақстандық саясаттағы орны қалай болар еді? Бұл көбіміздің көкейімізде жүрген сауалдардың бірі болса да, қай-қайсымыз ашық айтуға жасқанамыз. Иә, егер Мұхтар Әбләзовқа рақымшылық жасап, Қазақстанға қайтару және оны ел игілігіне жұмыс істеуге жұмылдыру мүмкіндігі туа қалса не болар еді? Әбләзов Қазақстанға керек пе? Егер Ол Ұлттық банкті басқаратын болса немесе басқарған болса Қазақстанда теңге девальвациясы болар ма еді, болмас па еді? Бір емес 3 мемлекетті тонап қашты деген азамат – бекер біреу болмаса керек-ті.

Әбләзовқа таласып отырған үш мемлекет

Қазір Франция соты Қазақстаннан өзге Мұхтар Әбләзовты экстрадациялауға қатысты берген Ресей Федерациясы мен Украина Жоғарғы Прокуротурасының өтініштерін қарастырып жатыр. Әзірге экс-банкирді Украинаға жіберуі мүмкін деген сыбыс тарай бастаған. Ал Франция соты Әбләзовты  Қазақстанға беру туралы ұсынысқа назар да салмаған. Саяси тұтқынның өміріне қауіп төнгізетіндіктен әзірге оны Францияда ұстай тұру туралы шешім күшіне енген де.

Әміржан Қосанов, саясаткер:

  • Мұхтар Әбіләзовты қазақтың аса талантты менеджері, оппозицияға қомақты үлес қосқан, өз позициясы үшін түрмеде отырып шыққан азамат деп білемін. Қазақстанға керек адамдардың бірі.

Серікболсын Әбілдин, саясаткер:

  • Әбләзовқа сол кезде Министрліктен кеткеннен кейін де ұялы телефонмен сөйлескен деген айып таққанда күлкіміз келген. Кейін мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенімде әңгіменің ауаны ДВК жаққа ауа бастағанда ол кісі орнынан атып тұрып, «Секе, олар мені төңкеріп тастай жаздады ғой», деген еді.

Сергей Дуванов, журналист:

  • Мұхтар, иә, ол кедей адам емес. Миллионер. Бірақ, соның арқасында Қазақстанда оппозиция деген түсінікті жасап келе жатқандығы. Мұхтардың көмегі  өзгеше ойлай алатын көптеген қазақстандыққа тигені жасырын емес. Иә, ол Қазақстан үшін ең керекті саяси ойыншылардың бірі. Ол ең бірінші мықты менеджер, экономист. Содан кейін барып саясаткер.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи