Алматыдағы селдің шығыны $10 млрд құрауы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708190907878_small.jpg

Ғалымдардың айтуынша, Алматы қаласындағы лай тасқынының  қала экономикасына айтарлықтай шығын келтіруі мүмкін.

XX ғасырда Алматыда бірнеше мәрте сел жүргені тарихтан белгілі.

1.      1918 жылы Кіші Алматы өзені тасып кеткен.

2.      1921 жылы толассыз жауын салдарынан Кіші Алматинка қайта толып, Сарысай, Шымбұлақ, Горельник, Коммисаровка, Казачка, Батарейка және Бутаковка тасқынның астында қалған.

3.      Ал 1956 жылы тағы да Кіші Алматинка жұртты әбігерге салған.

4.      Сондай-ақ, 1963 жылы Есік өзені бассейні тасып кеткен.

5.      1973 жылы Медеу плотинасы  4,5 млн куб мертлік селді  тосып қалып, қалаға қауіп сейілген.Дегенмен шығын аз болмаған.

6.      Соңғы жылдары №6 су қоймасы қауіп төндіріп тұрғаны туралы бұған дейін де айтылған болатын. Онда 9 млн куб метр су, лай, мұз және тас жинақталып қалған. Бұл өз кезегінде қалаға айтарлықтай қауіп төндіреді деген сөз.

География ғылымдарының докторы Борис Степановтың айтуынша,  2010 жылдың өзінде қаржылай  тәуекелдің мөлшері 15 млрд. теңге болуы мүмкін екендігі айтылған. Егер алда-жалда табиғи һәм адам қолымен жасалған апат бола қалса, яғни, Алматыны сел басатын болса – онда Алматы ұзақ жылдарға дейін Қазақстанның негізгі қаржы орталығы бола алмай қалуы бек мүмкін. Мысалы, бір ғана Медеу плотинасының қайта салу үшін кемінде 100 млн доллар қажет болады. Ал Наурызбай ауданындағы селдің максималды шығыны 10 млрд. долларға жетуі мүмкін.

2014 жылғы Талғарды сел басқанда мемлекет экономикалық шығын көлемін 1 млрд. теңгеге бағалаған.

Ескере кететін жайт, Талғардағы сел кезінде 300 мың куб метр су тасыған. Бұл қазіргі №6-өзендегі жинақталып қалған судан 30 есе аз еді.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи