ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Женевада өткен баспасөз-конференциясында Қазақстан Батыс елдері санкцияларына қатысты Ресейді қолдайтынын айтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы National Business-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Дүйсенбі күні Дүниежүзілік сауда ұйымының бас кеңесінің отырысында Қазақстанның сауда ұйымына мүшелікке өтуіне байланысты құжаттарды қабылдағаны туралы осыған дейін жазған болатынбыз. Ал Қазақстан өз кезегінде ұйымға мүшелікке өтуге көмектескені үшін Ресейге алғысын білдірген.
«Мүмкін санкцияларды алып тастау үшін тараптар әлі бітімге келмеген болар. Ал біз сол санкцияларды алып тастауға шақырудан талмаймыз. Санкция – ешкімге пайда әкелмейді. Одан екі жақ та жапа шегеді. Ресей біздің басты серіктесіміз. Сондықтан Ресейге салынған Батыс елдерінің санкцияларына қатысты Қазақстан Ресейді қолдайтын болады»,-дейді Ыдырысов мызра.
Ыдырысовтың айтуынша, Қазақстан шетелдік инвесторларды арттыру үшін бар жағдайды жасап отыр. Осылайша ол өзінің серіктестерін арттырады. Соның ішінде Қаақстанға Қытай тарапынан қызығушылық артып келеді.
Нұрзат Тоғжан