Рахат Әлиев тірі ме?

/uploads/thumbnail/20170708190909896_small.jpg

Рахат Әлиев – Қазақстан истеблишменті үшін қатардағы қазақстандық саналмаса керек-ті. Ол бірінші кезете ҚР Президентінің бұрынғы күйеу баласы. Әкесі қанша жерден қылмыскер болса да, оның балалары үшін  Нұрсұлтан Әбішұлы – ата. Содан кейін барып, Рахат экс-елші, бейресми диссидент. Өзін-өзі жариялаған – билік оппоненті-мыс.

Мысалы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы жақында болған сұхбатында да немерелері мен қыздарының Рахататқа рақымшылық жасауын сұрап келгендігі туралы айтқан болатын (https://www.youtube.com/watch?v=TNLMuUnRiLg).

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

-Мен Рахатты қаматуды тапсырғанда менің балаларым мен немерелерім менің алдыма келмеді дейсіңдер ме? Рахатқа кешірім жасауымды сұрамады дейсіңдер ме? Тіпті жақындарым мен балаларым  жемқорлықпен айналысқан болса олардың ешқандай иммунитеті жоқ. Сол себепті сотта жауапқа тартылады,-деген болатын.

Интригалық иірімге толы Рахаттың өліміне қатысты жұрт арасында түрлі дақпырт тарағаны белгілі.

Қалай болған күнде де, Ол (Рахат Әлиев) Қазақстан билігінде лауазымды қызметтер атқарған, елдің саяси билігіне тікелей қатысы болған адам. Сонымен бірге Рахат Әлиев қоғамды дүр сілкіндірген бірқатар оқиғалардың, соның ішінде қанды қылмыстардың фигуранты. Оның қатысы немесе араласуы болған істер қалай болғанда да қазақстандық сот талқысынан өткен және сырттай болсын жазаға тартылған қылмыскер.

Сонымен, осындай түйсік тұрғысынан айтар болсақ, Рахат Әлиевтің өліміне қатысты түрлі қауесеттерге нәумиездік танытуға тура келеді.

Рахатқа қатысты қос қисын

Әуелгісі, Ол Австрияның Вена қаласындағы түрмеде асылып өлді.  Рахат Шораз ісіне қатысты миллиондаған доллар қаржыны «жуу» деректеріне австриялық бірқатар шенеуніктердің қатысы болған. Иә, еуропалық таблоидтардың негізгі  талқысы осы төңіректе өрбіген-ді. Оған қоса қазақстандық оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына қатысы бар деген негізгі күдікті де – Рахат Әлиев еді. Белгісіз жағдайда өзі де мүрид кеткендігі туралы суыт хабар 2015 жылдың ақпан айында пайда болды.

Екінші дерек, кәдігі жұрттың қазақшалап құмалақ ашқанындай, Рахат өлмептінің сыбысы. Бұл енді, дәлелсіз, дәйексіз дерек. Бірақ, қарапайым жұрт «Рахат өлмепті», «Ол пластикалық операция жасатыпты», «Қазір Қазақстанда жүр екен», деген мағынадағы сыңаржақ қауесеттерді таратып жүрген көрінеді. Ал осы бейресми деректерге назар аударып көрсек, шын мәнінде Рахаттың өлмегені туралы сыбысқа сеніп қалуыңыз мүмкін. Олай дейтініміз, экс-елшінің қазасы туралы бірде-бір нақты дерек, дәйек жоқ. Рахаттың жансыз денесі түсірілген фото, бейне жазбалар да жоқ.  Бұл жоғарыдағы жұрт қауесетінің шындыққа жанасатынын білдірмей ме?

Фото деректер:

ҚР Президенті жанұясымен

Рахат Әлиевтің балалары

Вена қаласындағы жерлеу рәсімінен

Рахатты жерлеу рәсімі. Жоқтаушыларсыз дастархан

Рахаттың табыты-мыс

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи