70 жастағы зейнеткерді 5 жерден пышақтаған

/image/2020/02/25/crop-87_1_388x517_qart-ana.jpg

Оқиға Қарағанды облысында болды. Тергеу нәтижесі анықтағандай, зейнеткер құрылысшының қолынан қаза тапқан. Бұл туралы baigenews.kz хабарлады. 

Қарағанды облысында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің лас кіреберісі туралы ескерту жасаған қарт ана құрылысшы ұолынан қаза тапты.

Жөндеу жұмыстары кезінде көрші пәтердегі егде жастағы әйел құрылысшыға лас аяқ киіммен сыртқа шықпауды ескерткен. Сол сәтте құрылысшы қарт ананы 5 жерден пышақтап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қайтыс болған зейнеткердің мәйіті екі күннен кейін табылған. Құрылысшы жасаған қылмысы үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи