Иран билігі коронавирусқа байланысты 54 мың қылмыскерді босатты

/image/2020/03/05/crop-19_6_387x516_iranum-covid-19-koronavirusi-h-n172853-1.jpg

Иран билігі коронавирусқа байланысты 54 мың тұтқынды уақытша босататынын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Flipboard сайтының дерегін негізге алып. 

Билік жабық режимдегі мекемеде вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты.  Сот өкілінің хабарлауынша, коронавирус жұқтырмаған қылмыскерлер ғана түрмеден уақытша босатылады. Сондай-ақ түрмеден шыққандарға кепіл төлеу міндеттелген. 

"Жазасын өтеушілер қандай қылмыс жасаса да, олардың денсаулығы біз үшін маңызды", - деп мәлімдеді Иран сот жүйесінің баспасөз хатшысы  Голамхоссейна Эсмаили.

Дегенмен, Иран азаматтарының қауіпсіздігін сақтау үшін 5 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылғандар түрмеде қалады. 

Соңғы дерек бойынша, Иранда 92 адам коронавирустан қаза тапқан, 2922 адам вирус жұқтырған. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи